Павлодар облысында синтетикалық есірткіні интернет арқылы сатқан екі күдкті ұсталды

Павлодар облысында синтетикалық есірткіні интернет арқылы сатқан екі күдкті ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар қамауға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында прокуратураның үйлестіруімен жедел уәкілдер психотроптық заттар сатумен айналысқан интернет-дүкеннің қызметкерлерін ұстады.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында екі күдікті ұсталып, олардан тінту кезінде шамамен 186 полиэтилен қаптамаға оралған есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ әртүрлі іздері бар 28 медициналық пипетка табылып, тәркіленді. Бұл айғақтар ұсталғандардың есірткі таратуға байланысты заңсыз қызметке қатысын дәлелдейді. Күдіктілердің бірі өз кінәсін мойындап, есірткі таратуға қарсы күресте маңызды қадам бола алатын айғақ берді, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Есірткі және психотроптық заттарды өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды.

Полиция азаматтарды қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында есірткіні заңсыз таратуға қатысты кез келген ақпаратты құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.