Павлодарда жас мотоциклші көлікпен соқтығысты

Павлодарда жас мотоциклші көлікпен соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бозбала түрлі жарақаттар алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

12 шілде күні Ген.Бакиров көшесінде көлікпен соқтығысқан жас мотоцикл жүргізушісі зардап шекті. 2008 жылы туған бозбаланың тізесі мен құйымшағы жарақаттанып, ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі мәлім етті.

13 шілде күні Ақсу қаласында екі көліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам зардап шекті. 1961 және 1973 жылы туған екі ер адам Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді. Ал 1971 және 1975 жылы туған тағы екі азамат медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатудан бас тартты.

Дәл сол күні ер адам Mercedes-Benz көлігін айдап әкетіп, Ломов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында LADA Granta және Hyundai Tucson көліктерімен соқтығысқан. Апат салдарынан ұры ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Жедел жәрдемнің үш бригадасының қызметкерлері тағы төрт зардап шеккен адамның жағдайын тексерді. Тоғыз жасар қыз сол жақ жіліншік буынының жарасы, оң жақ білектің жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оған рентген жасалды. Дәрігерлер қызға тұрғылықты жері бойынша травматологтың бақылауында болуды ұсынды.

Ал ЖКО-да зардап шеккен 30 бен 65 жастағы әйелдер мен үш жасар бүлдіршін тексерілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.