Павлодарда жастар фильмдерді тегін көре алады

Павлодарда жастар фильмдерді тегін көре алады
Фото: pixabay.com

Бұл акция әртүрлі күндерде өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының Жастар бастамаларын дамыту орталығы балалар мен жастар үшін түрлі іс-шаралар өткізеді. Бұл жолы 11 қазанда «Кинокеш» шарасында фильмді тегін тамашалауға болады.

Қазіргі таңда Instagram желісіндегі «crmi_pvl» ресми парақшасының сторисында фильмдер іріктелуде. Таңдау үшін «1+1», «Интерстеллар», «Побег из Шоушенка», «Зеленая миля» фильмдері ұсынылған.

– Фильм 18:00-де басталып, 20:30-да аяқталады. Яғни, кәмелетке толмағандар үйлеріне қайтуға үлгереді, – дейді орталықтың директоры Ризат Рахымжанов.

Жас бойынша шектеу жоқ. Көру бөлмесіне жүзге жуық көрермен сыяды. Киноға спиртті ішімдіктен басқа кез келген тамақ пен сусындарды әкелуге болады.