Павлодарда жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілер жазаланды

Павлодарда жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілер жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаяу жүргіншіні жібермегені үшін айыппұл салу – жолдағы өлімді азайтудың тәсілі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Н.Назарбаев даңғылында «Volkswagen Polo» маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге жол бермеген. «Lada Vesta» маркалы автомобиль жүргізушісі де Лермонтов көшесінде осындай құқық бұзушылық жасаған. 

– Жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін жүргізушілер жазаланды, әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – дейді департаментте. 

Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер де қырағы болуы керек  екенін еске салады. Жол ережелерін есте сақтап, жаяу жүргіншілер өткеліне кенеттен жүгірмеу қажет.

Айта кетерлігі, полицейлер жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге жол бермеген үш мыңға жуық жүргізушінің жолын кесті. Барлық құқық бұзушыларға айыппұл салынды.