Павлодарда жаздың ең қызықты кеші өтеді

3 тамыз күні көңілділер мен тапқырлар клубы ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Иртыш-Премьер» ашық лигасының жартылай финалы мен көңілділер мен тапқырлар кубогы сағат 18:00-де «Ertis Promenade» сахнасында өтеді.
Республиканың үш өңірінен жиналған үздік әзілкештер көрерменге көңілді кеш сыйлайды.
Жартылай финалға қатысатын командалар: «Есильцы» (Есіл), «Дженга» (Өскемен), «Картошка, Беш Не Испортит» (Новочерноярка), «ИП РЕНАТОВНА» (Екібастұз), «Ляпляндия» (Павлодар).
Одан кейін көңілділер мен тапқырлар кубогы үшін екінші ойын басталады. Бұл кезеңге қатысатын командалар: «Чай с молоком» (Екібастұз), «Кого смогли того собрали» (Богдановка).
Айта кетерлігі, оған кез келген тілек білдірген команда қатыса алады. Кубок жеңімпазы «Иртыш-Премьер» лигасының финалына жолдама алады.
Бұл шара өңірдің ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Павлодар қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Толық ақпаратты @dk_estay_pvl парақшасынан алуға болады.