Павлодарда жедел жәрдем бригадасы жаңа туған нәрестені аман алып қалды

Павлодарда жедел жәрдем бригадасы жаңа туған нәрестені аман алып қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дәрігерлер шақырту түскеннен кейін небәрі үш минут ішінде оқиға орнына жеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бес күндік нәресте жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби әрекеттерінің арқасында аман қалды. 

Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, шақырту 17 шілде сағат 19:23-те түскен. Қоңырау шалған анасының айтуынша, сәбидің тынысы тарылып, тұншыға бастаған. Диспетчер жағдайдың шұғылдығын бағалап, оқиға орнына реанимациялық бригаданы жіберген.

– Медициналық қызметкерлер жиналған сілекейді сорып алу үшін электроотсос қолданды. Бір сәтте бала тыныс алуды тоқтатты. Мол көлемде сілекей шығарылғаннан кейін сәби қайтадан тыныстап, жылап жіберді. Мұндай жағдайда әрбір секунд маңызды болды, – деді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.

Нәресте алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оттегіге қосылып, әрі қарай бақылау үшін перинаталдық орталыққа жеткізілді.