Павлодарда жылу трассасындағы өрт сөндірілді
Оқиға орнына қосымша екі қызметкер мен бір көлік жіберілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15.35-те Н.Назарбаев даңғылындағы көпірдің артында жылу трассасындағы өртті сөндіруге бірден бес қызметкер мен бір көлік жіберілген.
– Оқиға орнына келген кезде құрғақ шөп пен жылу өткізбейтін құбырлардың қаптамасы жанғаны анықталды. Жылу оқшаулағыш құбырлары қаптамасының жану алаңы 150 қума метрді құрады, – деді департаментте.
Сондай-ақ 400 шаршы метр аумақта құрғақ шөп пен қоқыс жанған.
Тілсіз жау сағат 15.57-де оқшауланып, сағат 16.35-те сөндірілді.