Павлодарда жоғалған баланың туыстары іздестірілуде

Баланың жасы шамамен бесте, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 сәуірде сағат 18:06-да Ак. Марғұлан көшесі, 104 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанында азиялық келбетті кішкентай ұл бала табылғаны туралы шақырту түскен. Аты Әли немесе Алишка. Ата-анасының деректері мен тұрғылықты мекенжайын білмейді.
Дене бітімі орташа, бойы – 108 см, салмағы – 18 кг.
Көк қалпақ, көк-сары, қара түсті күртеше, қара түсті трико киген. Кекештеніп сөйлейді және момын.
– Полиция баламен бірге жақын маңдағы аулалар мен үйлерді аралап шықты, алайда ата-аналар мен тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмады. Бағдарлар жасалып, жақын аймақтарға жіберілді, – дейді департаментте.
Қазіргі уақытта бала өңірлік балаларды қолдау орталығына орналастырылды.
Полицейлер егер баланы танитын немесе оның туыстары туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 телефоны немесе Instagram @dp_pavlodar дайрегі арқылы хабарлауды сұрайды.