Павлодарда жоғалған бойжеткенді іздеу жалғасуда
Облыс полициясының барлық жеке құрамы іздестіруге бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
8 қаңтарда жоғалған 21 жастағы Мадина Қазбекпайдың анасы полицияға жүгінген болатын. Бойжеткен үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған.
Қыз баланың белгілері: арық денелі, бойы 150 см, көздері қоңыр, шашы қара, мұрнының үстінде мең бар.
– Қазіргі уақытта ауланы аралау жүргізілуде. Куәгерлер, туыстары, достары мен көршілері сұралуда. Облыс полициясының барлық жеке құрамы іздестіруге бағытталған,– деді департаментте.
Полицейлер Қазбекпай Мадинаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар барлық адамдардан 8 (7182) 37-76-10, 37-76-12 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.