Павлодарда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткілік мас күйде ұсталды

Павлодарда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткілік мас күйде ұсталды
К.Шелковтың иллюстрациялық суреті

Ол жүргізу құқығынан 2023 жылы айырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары жыл басынан бері осындай бұзушылықтың 52-сін анықтаған. 

- Павлодар қаласында полиция қызметкерлері Естай көшесі бойында Hyundai Accent маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің есірткілік мас күйінде болғаны жөнінде күдік туындады. Күдік медициналық куәландыру нәтижелерімен расталды, - делінген хабарламада.

Дерекқор бойынша тексеру кезінде аталған азаматтың 2023 жылы шілде айында жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты тексеру жүргізіліп, автокөлік айып тұрағына қойылды. 

Тәртіп сақшылары, өңір тұрғындарын мұқият болуға шықарыда. Мас жүргізуші туралы ақпаратты полицияға 102 нөмірі арқылы хабарлауға болатынын еске салады.