Павлодардан қырық шақырым жерде үш адам көз жұмды

Павлодардан қырық шақырым жерде үш адам көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ЖКО-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде Көктөбе ауылының маңында, Павлодардан 37 шақырым жерде екі автокөліктің соқтығысуы орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.

–  Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, – деді департаментте.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде қатаң сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.