Павлодарлық құтқарушылар әрдайым көмекке дайын
Мамандар үшін әр қоңырау маңызды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жуырда 112 пультіне Павлодар қаласының тұрғыны хабарласып, көмек сұраған. Онда әйел ісінген саусағынан сақинаны өздігінен шеше алмай жатқаны туралы айтқан.
- Аталған мекенжайға жедел келген құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен сақинаны кесіп, әйелдің саусағын босатты. Мамандардың кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында әйелге медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген хабарламада.
Төтеншеліктер қиын жағдайда бірден 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.