Павлодарлық өрт сөндірушілер өңірде тұрғын үйлерге датчиктер орнатты
Бүгінгі таңда 13 мыңнан астам тұрғын үйді аралау жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі тұрғын үйлерде 462 көміртегі тотығы датчигі орнатылды.
– Тұрғын үй секторында өрттердің пайда болуының негізгі себептері – отпен абайсыз жұмыс істеу, электр жабдықтары мен тұрмыстық аспаптарды монтаждау мен пайдалануды бұзу, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, – деп атап өтті ведомствода.
Жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 462 улы газ датчигі орнатылды.
ТЖД қызметкерлері полициямен, еріктілер ұйымдарымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, өрттің алдын алу, халықтың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында түрлі профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Сонымен қатар, ғимараттардан қауіпсіз эвакуациялау бойынша 149 практикалық жаттығулар өткізілді.