Павлодарлық агрессорлар соттың қаулысы аясында арнайы психологиялық тесттен өтеді

Павлодарлық агрессорлар соттың қаулысы аясында арнайы психологиялық тесттен өтеді
Фото: Константин Шелков

Осы уақытқа дейін мұндай тестті алты азамат тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мұндай жаңашылдық сәуір айынан енгізілді. Осы уақытқа дейін жиырма жазаланушыға тесттен өту міндеттелді.

Қалалық полиция басқармасында арнайы алдын алу кабинеті жұмыс істейді, онда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдармен  психологтар және дағдарыс орталықтары «Үміт үзбеу» қоғамдық қорымен бірлесіп, агрессорларға заңнаманы түсіндіреді және психотерапия курстарынан өтуді ұсынады. Барлығы 216 адам осындай профилактикалық жұмыстан өтті, оның төртеуі қайта жүгінді, – деп пайымдады облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің аға инспекторы Индира Жүсіпова.

Осы жылдың сегіз айында облыс аумағында тұрмыстық қылмыстар көрсеткіші 1,3 пайызға төмендеген. Есепті кезеңде тіркелген қылмыстардың ішінде 12 жайттар өткен жылдан көшірілген істер.

Өткен жылы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңнама қатаңдатылды. Онда әкімшілік заңнамадан бірқатар баптар қылмыстық заңға өтті. 

– Өзгерістер аясында биылғы жылы 31 қылмыс тіркелді. Атап айтқанда, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бойынша он жағдай, ұрып-соғу бойынша 21 іс, – деп хабарлады Индира Жүсіпова.

Айта кетейік, 1 қыркүйек пен 1 қараша арасында полиция қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді. Онда тәртіп сақтау қызметкерлері пәтерлерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Қазір облыс аумағы бойынша «Бақытты отбасы – бақытты ел» республикалық акциясы өтуде.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі