Павлодарлық алты оқушы IQanat мектебінің грантын жеңіп алды

Павлодарлық алты оқушы IQanat мектебінің грантын жеңіп алды
Фото Константина Шелкова

Өңірдің тоғыз оқушысы республикалық білім додасының финалында үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Беделді білім бәйгесінің қорытындысы бойынша өңірдің алты оқушысы IQanat мектебінде тегін білім алуға мүмкіндік беретін білім грантын жеңіп алды, ал тағы үш оқушы IQ Advance білім беру бағдарламасының сертификатына ие болды.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, білім грантын Тереңкөл ауданындағы Елгин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Гызханым Әлиева, Павлодар ауданындағы Мичурин жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Роман Эберт, Ертіс ауданындағы Панфилов жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Мариям Алмаз, Ертіс ауданындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Ансар Қазыбек, Баянауыл ауданындағы Шадрин жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Алдияр Болат және Ақтоғай ауданындағы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Іңкәр Рахметолла иеленді.

Ал IQ Advance бағдарламасының сертификаттары Успен ауданындағы Вознесенка негізгі орта мектебінің оқушысы Валерия Придаткоға, Ертіс ауданындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы София Шарафудиноваға және Антоненко Аннаға табысталды.

IQanat – ауыл мектептері оқушыларының білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған республикалық білім беру жобасы. Олимпиада жеңімпаздары еліміздегі IQanat мектебінде тегін білім алып, жан-жақты дамыту бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

IQanat  әлеуметтік-білім беру жобасын 200-ден астам отандық кәсіпкер қолдап отыр. Олимпиаданың жеті жылдық тарихында 20 павлодарлық оқушы Бурабайда білім алды.