Павлодарлық ата-аналар жаңа мектепке өтініш беру үшін қайда хабарласа алады?

Павлодарлық ата-аналар жаңа мектепке өтініш беру үшін қайда хабарласа алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс орталығында екі жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов және облыстық білім беру басқармасының бастығы Самал Айтқазина М. Мақпалеев атындағы орта мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарының орындалу сапасымен танысты. Сонымен қатар, «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтеріп жатқан, мемлекеттік тілде оқытатын 600 орындық №47 мектеп пен «Достық» шағын ауданындағы 1200 орындық жаңа мектепте болған.

Әкімнің бірінші орынбасары жұмыс қорытындысы бойынша жауапты мамандарға құрылыс пен жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.

Айта кетейік, «Достық» шағын ауданындағы мектепке балаларды тіркеу бойынша толық ақпаратты @jailymektep2025pvl Instagram парақшасынан көруге болады.

Ата-аналар үшін +7 (777) 990-16-36 нөміріне, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша +7 (771) 268-47-95 нөміріне хабарласуға болады. М. Мақпалеев атындағы мектеп аумағында орналасқан №47 білім ордасына қабылдау тамыз айында жүргізіледі.