Павлодарлық атлеттер Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды

Павлодарлық атлеттер Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды
Фото: Виктор Бондарь

Үндістанның Ченнаи қаласында ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жүлдегерлер қатарында masters санатындағы, яғни спорт ардагерлері болды.

Облыстық триатлон федерациясының жетекшісі, жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Виктор Бондарьдың айтуынша, павлодарлық команда жалпы саны 20 медаль жеңіп алды: екі алтын, 11 күміс және жеті қола.

Алайда жарыстың төртінші күні Джавахарлал Неру атындағы стадионда павлодарлық спортшылар Марина Шнайдер мен Галина Жукова жанкүйерлердің үмітін ақтап, Қазақстан қоржынына екі алтын медаль салды.

Марина Шнайдер 50+ әйелдер санатында 2000 метр кедергілермен жүгіруде мәре сызығын бірінші аттаса, Галина Жукова дәл осы жарыста 70+ санатында үздік атанды. Олардың өнері жарыс күнінің жарқын сәтіне айналып, күш-жігер мен шабыттың үлгісін көрсетті, деді Виктор Бондарь.

Айта кетейік, ардагерлер арасындағы Азия чемпионаты биыл 23-рет ұйымдастырылды. Спорт додасына үш мыңнан астам қатысушы жиналды. Мұнда 35 жастан асқан жеңіл атлеттер өз шеберлігін сынады. Қазақстан құрамасы бұл жолы рекордтық 43 спортшымен қатысып, оның алтауы Павлодар облысынан.