Павлодарлық чемпион спорт министрлігін сотқа берген

Гір көтеруші 700 мың теңгеден айрылып қала жаздады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2019 жылдың қараша айында 62 жастағы спортшы Сербия Республикасында өткен гір көтеруден әлем чемпионатында екінші орын алды.
Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша ҚР құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай ынталандырулар төлеу және оларды қайтару қағидаларына сәйкес жүлдегерлерге ақшалай сыйақылар беріледі, оларды Спорт министрлігі төлейді.
Павлодарлық спортшы сыйақы алуға құқығы бар екенін білмеген, ал Министрлік төлемдерді уақытында төлемеген.
Министрлік ер адамның төлем жасау туралы өтінішіне ақшалай төлемдерді жүзеге асыру туралы өтініш беру мерзімін өткізіп алуына байланысты бас тартумен жауап берді, осыған байланысты ол сотқа жүгінді.
Сот белсенді рөл аясында татуластыру рәсімін жүргізді, оның барысында судья алдын ала құқықтық пікірін білдірді, одан кейін тараптар татуласуға келді, оның талаптары бойынша министрлік 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін тиісті төлемдерді төлеуге міндеттелді.
Министрліктен түскен жауапқа сәйкес, спортшыға 700 мың теңгеден астам тиісті сыйақы аударылған.
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында чемпионның құқығы қалпына келтірілді.
Сот актісі заңды күшіне енді.