Павлодарлық ең үлкен «термометр» 50-ге толады
Аталмыш көрнекті нысанға 37 жыл жөндеу жүргізілмеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
1975 жылы қарашада Академик Сәтбаев және Кривенко көшелерінің қиылысында үйдің қасбетінде ерекше нысан пайда болды. Павлодардың көрікті жерлерінің арасында «градусник-үйі» бар. Жарты ғасырдан бері адамдар «термометрді» кездесу нүктесі ретінде белгілеп, басты бағдарға айналдырды. Биіктігі үш қабатты термометр «Павлодарэнерго» АҚ ғимаратының қабырғасына, қарбалас көшеге орнатылды.
– Термометр тек өнер нысаны емес, қоршаған ауаның температурасын көрсетеді. 70-ші жылдары ауа температурасын өлшеуге арналған бірегей аспапты «Павлодарэнерго» АҚ жылу өлшемдерін баптау және автоматика қызметінің мамандары әзірледі, – дейді С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхананың қызметкері Айнаш Айтжановна.
Ерекше термометрдің биіктігі – 12,8 метр.
Айта кетейік, кеңес заманында орнатылған термометр 2012 жылға дейін қызмет етті. Кейін оны энергетиктер – «Павлодарэнерго» АҚ мамандары жаңартты. Қайта жаңартуға шамамен үш миллион теңге жұмсалды. Нақтырақ айтқанда, корпус алюминийге ауыстырылып, жарықдиодты шам орнатылды.