Павлодарлық еріктілер оқушыларға ерлік сағатын өткізді

Соғыста табылған заттар балаларға ерекше әсер етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру жасағы Ш.Шөкин атындағы мектеп-гимназия оқушыларымен кездесіп, «батылдық сабағын» өткізді.
Еріктілер соғыс туралы қайғылы беттерін ақтарып, қаһарман батырлар жайлы сөз қозғады.
Кездесуде «Майдан жолы» отрядының командирі Александр Шитов 5 «В» сынып оқушыларына іздестіру экспедицияларын өткізу орындарынан әскери артефактілерді көрсетті.
Демонстрация барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысында хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу және олардың есімдерін қалпына келтіру бойынша күрделі, бірақ өте қызықты жұмыстармен жақынырақ танысты.
Балалар Жеңістің құнын аңғарып, өткенге тағзым етті. Осылайша, экспонаттар өткен мен қазіргі уақыт арасындағы көпірге айналды. Оқушылардың сөзінше, ерлік сағаты мазмұнды және өте қызықты өтті.
Халықтарымыздың ерлігін есте сақтап, құрметтеу және ұрпақтарға оны жеткізу – «Майдан жолы» іздестіру жасағының басты міндеттерінің бірі.