Павлодарлық гимнасттар Әзірбайжанда сегіз алтын жеңіп алды
Қанжығада тағы төрт күміс, төрт қола медаль бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жерлестеріміз Әзірбайжанның Баку қаласында өткен көркем гимнастика бойынша «OJAQ Cup» атты халықаралық турнирде бақ сынады. Бұл жарысқа Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Болгария, Македония, Черногория, БАӘ, Малайзия, АҚШ, Египет, Молдова, Кувейт, Тайланд, Өзбекстан, Қазақстан спортшылары қатысты.
Ел құрамасына «Grand» көркем гимнастика мектебінің тәрбиеленушілері кірді.
Турнир қорытындысы бойынша павлодарлықтар сегіз алтын, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, жеті жасар Лешкова Мирослава көпсайыс, затсыз және шеңберсіз жаттығулар байқауларына қатысып, үш алтын медаль жеңіп алса, Сая Шәкірімова, Әмір Нұрмұханбетова доппен жаттығудан, Ляйсан Шакира, Айша Бердуғожинова шеңбермен жаттығудан алтын жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, басқа да түрлі жарыстарда Аяулым Таңатар, Назым Тәңірбергенова күміс жүлдегер атанды.
Айта кету керек, спортшыларды жаттықтырған – Камила Каримова және Райана Сулеймен.