Павлодарлық спортшы жартылай финалда қарсыласына жол берді

Павлодарлық спортшы жартылай финалда қарсыласына жол берді
Фото: Kazakhstan Boxing Federation

Ол Әлем чемпионы Махмұд Сабырханмен қолғап түйістірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 Павлодарлық спортшы Серік Теміржанов Шымкент қаласының боксшысы Махмұд Сабырханмен жартылай финалда кездесу өткізді. Теміржанов 3 раундтық қолғап шайқасында есе жіберді. Алғашқы екі раундта шымкенттік спортшы шапшаңдылығымен көзге түсіп, басымдылық көрсетті.

Соңғы раундта Серік Теміржанов ауыр соққыларын қарсыласқа сермеп, тигізгенімен қазылардың шешімі шымкенттік спортшының пайдасына асырылды. Махмұд Сабырхан жерлесімізді 4:1 есебімен жеңді.

Айта кету керек, Махмұд Сабырхан бұған дейін 54 келі салмақ дәрежесінде бокстасып жүрген еді. Жерлесімізден қарағанда шапшаң болуына осы себеп болды. Енді шымкенттік спортшы ақтық мәреде шаршы алаңға шығатын болады.

Еске сала кетейік, Махмұд Сабырхан 2023 жылғы Ташкентте өткен Әлем чемпионатының чемпионы.