Павлодарлық кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысына өз мәселелерін айта алады
"Бизнеске жол" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында жеке қабылдау өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
"Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы М.Амралинов кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалық мәселелер бойынша жеке қабылдауын өткізеді.
- Іс-шара 27 шілде күні сағат 15.00-ден бастап Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, 3-қабат, 316-кабинетте яғни "Атамекен" ӨКП конференц-залында өтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен бизнестің өзара іс-қимылының осындай форматтағы кездесуі енді ай сайын өткізілетін болады, - делінген хабарламада.
Жеке қабылдауға 87713566677, 87002946385 телефондары бойынша жазылуға болады.