Павлодарлық кондитерлер үш сағат ішінде тәтті өнімдер пісіруге үйретеді

Шеберлік сағатында орындар саны шектеулі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
18 ақпанда Жастар бастамаларын дамыту орталығында «SHEBERHANA» жобасы аясында кондитерлік тағамдарды дайындау бойынша үш сағаттық шеберлік сабағы өтеді. Дәмді десерттер дайындауды үйреніп, кондитерлік өнердің қыр-сырын меңгергісі келетіндер алдын ала тіркелуге міндетті.
– Үш сағат ішінде негізгі дайындау және безендіру әдістерін меңгеріп, кәсіби мамандардан құнды тәжірибелер аласыз, – дейді ұйымдастырушылар.
Biscuit_cakes_pvl дүкеннің кондитерлері өз әдістерімен және пайдалы кеңестерімен бөліседі. Шеберлік сабағы сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады. Орын саны шектеулі болғандықтан, тіркелу үшін 8 (778) 679-22-17 нөміріне хабарласуға болады.