Павлодарлық мұнай өңдеушілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Жалпы 38 қызметкер еңбектерімен ерекшеленіп, марапатқа ие болды, деп хабарлайды @Pavldarnews.kz.
Қазақстан Республикасының Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында Павлодар мұнай-химия зауытында қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Бірқатар мамандар медальдармен және естелік белгілермен марапатталса, өзгелерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Үздік мамандардың есімдері Құрмет тақтасына енгізілді.
Мұнай өңдеушілердің кәсіби мерекесі дәстүрлі түрде қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. 2025 жылы бұл күн 7 қыркүйекке сәйкес келеді.
Елдің мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Игорь Кирилов, Игорь Кулешов, Юрий Антоненко – ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Ал «Мұнай-газ-химия саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен Николай Нестеров, Алексей Андреев, Ержан Байғұндинов марапатталды.
Александр Иванов пен Халилулла Жақудаев – ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медаліне ие болды.
Сергей Чернышев ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен және «Самұрық-Қазына» АҚ қорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Асқар Байтанаев пен Рүстем Шәріпов – ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
«ПМХЗ» ЖШС Бас директорының Құрмет грамотасымен марапатталғандар да бар.
Құрмет тақтасына 12 зауыт қызметкері енгізілді. Жалпы 38 қызметкер еңбектерімен ерекшеленіп, марапатқа ие болды.