Павлодарлық мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атағын алды

Павлодарлық мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атағын алды
Фото: pexels.com/Pavel Danilyuk

Ауқымды спорттық жарыста елдің түкпір-түкпірінен жиналған 130 спортшы бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қостанай қаласында өткен орта және ересек жасөспірімдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионатында Павлодар облысының атынан қатысқан Мария Санникова жеңіске жетті. Ол – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Оксана Теннің шәкірті.

Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Мария бірінші спорттық разрядтағы спортшылар арасында рекордтық ұпай жинап, чемпион атанды.

Жарысқа барлық облыстардан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 130 мықты спортшы қатысты. Екі күнге созылатын спорттық шара «Қостанай» мұз айдынында өтті.