Павлодарлық маман «халықтық команда» тізгінін қолға алды
Бұрын ол бас бапкердің міндетін атқарған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Күні кеше Қазақстан футбол федерациясының басшылығы Қазақстан құрамасының тізгінін кім алады деген мәселені түбегейлі шешті. Көпшілік күткендей, таңдаулы бапкер павлодарлық маман Талғат Байсуфинов болды.
- Қазақстан құрамасы менің командам немесе федерацияның командасы емес, бұл халық командасы. Міне, біз ең алдымен ойыншыларға осы философияны жеткізуге тырысамыз. Олар онсыз да бәрін түсінеді. Федерация басшылығы Ұлттар лигасының тобында жеңіске жетуді басты мақсат етіп қойды, және біз бұған дайындаламыз, - деді ұлттық құраманың бапкері ресми тағайындаудан кейін.
Дайындық аясында наурыз айында оқу-жаттығу жиыны жоспарланған. Сол айда ұлттық құрама FIFA Series турниріне қатысады: Қазақстан, Комор аралдары, Кувейт және Намибия Астанада кездеседі.
Еуропалық тартысқа дайындық маусым айында жалғасады. Талғат Байсуфиновтың командасы тағы екі жолдастық кездесу өткізеді.
УЕФА Ұлттар Лигасының ойындары болса қыркүйек айында басталады. Қазақстан биылғы маусымда «С» лигасына түсіп қалды. Турнирдің жеребесі 12 ақпанда тартылады.
Оның басшылығымен ел құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде үш және бір мәрте жолдастық кездесу өткізді: Лихтенштейнді жеңіп, Солтүстік Македония мен Бельгиямен екі рет тең ойнап, Фарер аралдарынан жеңілген.