Павлодарлық мектеп оқушылары оқу мен әзілдің қалай үйлесетінін көрсетті

Павлодарлық мектеп оқушылары оқу мен әзілдің қалай үйлесетінін көрсетті
Фото: Алтын сақа инновациялық шығармашылық орталығынан

Жайдарман ойыны «Алтын сақа» инновациялық шығармашылық орталығында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Altyn saqa – CUP» атты мектеп оқушыларына арналған жайдарман лигасы өтті. Байқау қаладағы өнерлі де тапқыр оқушыларды біріктіріп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

– Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттері мен сахнадағы сенімділігін дамыту. Балалар әзіл сезімін, актерлік шеберлігін танытып, мектеп өмірі туралы қызықты миниатюралар мен музыкалық нөмірлер көрсетті, – деп атап өтті ұйымдастырушылар. 

Жайдарман ойындары оқушыларға өздерін еркін сезінуге, сенімді сөйлеуге және шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Жоба мектептерді біріктіріп, жас таланттардың достық қауымдастығын қалыптастырады. 

«Altyn saqa – CUP» жарысының жеңімпазы дарынды ұлдарға арналған білім-инновациялық лицей-интернатының «Кереку» командасы атанды.

Айта кетейік, биыл «Алтын сақа» орталығында КВН үйірмесі ашылды. Мұнда оқушылар көшбасшылық пен командалық жұмыс дағдыларын дамытады. Сондай-ақ, орталықта 20-дан астам тегін шығармашылық, спорттық және кәсіби бағыттағы үйірмелер жұмыс істейді.