Павлодарлық мектептерде қауіпсіздік туралы бірыңғай мазмұндама жазу акциясы өтті
Шара «Заң және Тәртіп» идеологемасын ілгерілету жобаларына енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының барлық білім беру мекемелерінде 7–11 сынып оқушылары үшін «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» атты бірыңғай мазмұндама жазу акциясы ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша Дүниежүзілік балалар күніне орай өткізілді.
Акцияның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Мазмұндама барысында оқушылар полиция қызметінің қоғамдағы орны, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы өз көзқарастарын білдірді.