Павлодарлық оқушы көшбасшылық қабілеті үшін үздік атанды

Павлодарлық оқушы көшбасшылық қабілеті үшін үздік атанды

Осыған орай оған арнайы куәлік табыс етілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өткен «100 үздік дарынды оқушы» атты республикалық форум еліміздің ең үздік оқушыларын бір арнаға тоғыстырды.

Павлодар облысының намысын Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің украин бөлімшесінің тәрбиеленушісі София Головчук абыроймен қорғап, жүлделі орынға ие болды.

Бұл айтулы іс-шараны «Bilim-orkenieti» орталығы Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды. Форум ғылым мен өнерге, шығармашылық пен ізденіске құштар жастардың басын қосып, олардың жетістіктерін дәріптеді.

Жеңімпаздарға дипломдар, төсбелгілер және Республикалық форум лауреаты куәліктері табысталды.