Павлодарлық оқушыларға қауіпсіздік сабақтарын ойындар арқылы өткізуде

Павлодарлық оқушыларға қауіпсіздік сабақтарын ойындар арқылы өткізуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сабақты құтқарушылар жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кезектегі сабақ «ОМЛИОД» дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепте өтті. 

– Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар ойын түрінде судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелері және балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу жолдары туралы маңызды ақпараттарды еске түсірді. Сабақта алған білімдерін бекіту үшін «қауіпсіздік фигурасы» деп аталатын ерекше интерактивті ойын қолданылды. Бұл ойын көпжақты пішінде жасалған. Онда қауіпсіздік тақырыбына қатысты сұрақтар мен тапсырмалар жазылған. Оқушылар кезек-кезек «фигураны» лақтырып, түскен тапсырмаларға жауап берді. Бұл әдіс оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, сабақты пайдалы әрі қызықты етті, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖД қызметкерлері атап өткендей, мұндай интерактивті әдістер балалардың материалды жақсы меңгеруіне және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына көмектеседі. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдайларда іс жүзінде әрекет ету дағдыларын дамытып, саналы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.