Павлодарлық оқушылар кітап патшалығына саяхат жасады

Павлодарлық оқушылар кітап патшалығына саяхат жасады
Фото: pexels.com

Ашық сабақта балалар жаңа деректерді білуге асықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

№ 39 мектебінің кітапханасында 6 «в» сынып оқушыларымен «Кітапхана жаңалықтарының беттері бойынша» ерекше сабақ өтті. Оқушыларды мектептің кітапқорынан жаңа кітаптар күтіп тұрды.

Балалар Қазақстанның жануарлары, құстары, сүтқоректілері, өсімдіктер әлемі туралы энциклопедияларды, «Тарихи тұлғалар» анықтамалығын, сабақта пайдалануға ұсынылған түсіндірме сөздіктерді ынтамен оқыды. Оқушыларға «Сүйікті кітаптардың беттері арқылы», «Қызықты деректер мен сандар», «Менің сүйікті ертегілерім» викториналары балалар көптеген қызықты нәрселерді біліп, жылы қарсы алғаны үшін кітапханашыға алғыстарын білдірді.

–  Сабақ маған өте ұнады, қызықты болды. Мен көптеген жаңа әдебиеттерді көрдім және көптеген жаңа нәрселерді білдім. Осындай сабақтардың үнемі болғанын қалаймын, – деді Амира Қайырова.

Сондай-ақ, оқушылар кітапхана сабағында  «Әлемнің ұлы ғажайыптары» энциклопедиясынан көптеген жаңа ақпаратты біліп, викториналарға қатысты. Енді сабаққа дайындық кезінде олар кітапхана қорындағы жаңа кітаптарды қолданатын болады.