Павлодарлық оқушылар наурыздағы ҰБТ тапсыру үшін өтінімдер жолдай алады

Өтініштерді қабылдау 25 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.
Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
- орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
- шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
- өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
- ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
- шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).
Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге. ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін жерді, күнді және уақытты өз еркі бойынша таңдауға болады.