Павлодарлық педагогтер жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйренді

Павлодарлық педагогтер жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйренді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шараға өңіріміздің ағылшын тілі мұғалімдері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалында «Ағылшын тілін оқыту үдерісінде нейрожелілерді қолдану» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шараға 2024 жылы «Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық технологиялар» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өткен ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты – ағылшын тілін оқыту тиімділігін арттыру және жобалық қызметті білім беру үдерісіне интеграциялау үшін жасанды интеллект негізіндегі цифрлық құралдар мен технологиялардың әлеуетін ашу.

Іс-шара барысында Publuu, AR, Gemini, Genially, VR glasses және басқа да заманауи технологияларды қолданудың мүмкіндіктері талқыланды.

–    Семинар қатысушылары интерактивті технологияларда қосымша шындық (AR) және виртуалды шындық (VR) арқылы тартымды білім беру контентін жасаудың ерекшеліктері, ғылыми зерттеулерді жобалау мен деректерді талдау, идеяларды генерациялау және зерттеу жобаларын оқытуға енгізу үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалану және практикалық дағдыларда қатысушылар платформалармен жұмыс істеп, осы технологияларды мектеп бағдарламасына енгізу әдістерін меңгерді, – деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Динара Искакова.

Семинар өңір педагогтерінің кәсіби дамуының маңызды қадамына айналды. Қатысушылар алынған білімнің өзектілігін және тәжірибелік маңыздылығын жоғары бағалады. Іс-шара қорытындысы бойынша жасанды интеллект негізіндегі технологияларды білім беру процесіне одан әрі енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Мұғалімдер жаңа идеялар мен дағдыларды ғана емес, ағылшын тілін оқытуды тиімді әрі қызықты етуге мүмкіндік беретін инновациялық тәсілдерге деген сенімділікке ие болды.