Павлодарлық студенттер Венгрияда биотехнологиядан білімдерін арттырды
Tорайғыров университетінің делегациясы венгриялық зерттеушілермен ауыл шаруашылығы және биотехнология бойынша білім алмасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы Тоқтар Бексейітов және Торайғыров университеті агроинновация және биотехнология ҒЗИ директоры Қайролла Ахажанов Hungarian University of Agrikulture and life Sciences-ке барды.
– Қолданбалы эмбриология және дің жасушаларының биологиясы саласындағы ғылыми зерттеулермен таныстық. Сонымен қатар, мал шаруашылығындағы трансгенді технологиялар және оларға қолданылатын жабдықтар туралы білдік, – деп атап өтті Қайролла Ахажанов.
Венгрия университеті – Еуропадағы ежелгі тарихы бар алғашқы ауыл шаруашылық мектебі. Жоғары оқу орны Венгрияда және бүкіл Орталық Еуропада ауылшаруашылығына бағытталған жоғары білімнің орталық тірегі болып табылады.
Агроинновация және биотехнология ғылыми-зерттеу институтының мақсаты ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін арттыру, аграрлық ресурстар мен стандарттарды дамыту, аграрлық саладағы инновациялық белсенділікті ынталандыру және бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру мақсатында мемлекеттік органдармен және ауыл шаруашылығы құрылымдарымен тиімді және жан-жақты өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Сонымен қатар, института жем, сүт, тұқымдық картопты талдау бойынша сертификатталған зертхана бар. Сондай-ақ, малды сұрыптау жүргізіледі, рекордты сиырларды эмбриондарды трансплантациялау әдісімен жедел көбейту бойынша қызметтер көрсетіледі, асыл тұқымдылармен жұмыстарды ұйымдастыру және қойларды қолдан ұрықтандыру жүргізіледі, сондай-ақ картоп өсірудің вируссыз әдісі қолданылады.