Павлодарлық суретшілердің гүлдері Ресейде жоғары бағаланды

Павлодарлық суретшілердің гүлдері Ресейде жоғары бағаланды
Суретті қалалық білім беру бөлімі ұсынды

Новосібір қаласында № 17 балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Краснолесье» балалар шығармашылығының халықаралық байқауы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оған өңіріміздің балалар көркемсурет мектебінің 6-15 жас аралығындағы 95 оқушының жұмыстары жіберіліп, 59 суретші жүлделі орындарға ие болды.

–   Байқау жыл сайын планетаның өсімдіктер әлемі туралы тақырыптарында өткізіледі. Бұл байқау «Ботаникалық иллюстрация», «Сәндік композиция», «Ертегілер мен аңыздарға иллюстрация», «Сәндік бұйым» номинациялары бойынша «Бөлме өсімдіктері» тақырыбында өтті. Біздің оқушылар бірінші жылы қатысып, номинациялар бойынша 95 сурет ұсынды, – дейді көркем сурет мектебінің педагогі Инна Масленникова.

Байқау қорытындысы бойынша 59 павлодарлық қатысушы түрлі деңгейдегі байқаудың дипломанттары атанды.

15 жастағы Анита Каримова квилинг техникасындағы «Алоэ» суреті үшін, төрт жастағы Мария Волик аралас техникадағы «Көк құс» суреті үшін, 8 жастағы Вера Черновол аралас техникадағы «Нарциссистер гүлдеді» суреті үшін, жеті жастағы Диляра Төлегенова аралас техникадағы «Кактустар отбасы» суреті үшін, сегіз жастағы Самира Умарова аралас техникадағы «Кактустарды ұнатпау мүмкін емес» суреті үшін жеңімпаз атанды. Педагогтері – Татьяна Ахметжанова, Инна Масленникова.

–   Мен осындай деңгейдегі байқаудың жеңімпазы болғаныма өте қуаныштымын. Бұл – менің алғашқы жеңісім. Мен гүл салғанды ұнатамын. Түрлі-түсті қарындаштармен сурет саламын, гуашьты бояулармен сурет салуды үйреніп жатырмын, – дейді төрт жасар Мария Волик.

II дәрежелі дипломанттар 6- 0, 15 жас аралығындағы 11 қатысушы, III дәрежелі дипломанттар – 7-9, 11-12 жас аралығындағы 17 оқушы, 6-10 жас аралығындағы 25 оқушы дипломант болды.

Балалар гуашь бояуларымен, балауыз қарындаштарымен, акварель бояуларымен, фломастерлермен, қаламдармен, түрлі-түсті қарындаштармен, аралас техникамен орындалған «Бағбан қыз», «Гүлдердің хош иісі», «Менің сүйікті гүлдерім», «Анемондар», квилинг техникасындағы киізге кестеленген «Алоэ» аппликация техникасындағы киізге кескінделген «Аспанға қарай тартылады» суреттерін салған.

Дипломанттар мен жүлдегерлердің педагогтері – Инна Масленникова, Ләйля Магзамова, Нұрлан Дәуренбеков, Анжелика Бамбуляк, Гүлнар Мұхаметқалина, Шамиль Шушаев, Лариса Кузнецова, Айдана Мергалиева, Ляйля Магзамова, Оксана Сидоренко, Юлия Коваленко, Наталья Решетова, Андрей Солоденко.