Павлодарлық театр жылдың алғашқы премьерасын ұсынады

Қойылым ұстаз еңбегіне, мұғалім мамандығының қадір-қасиетіне арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры көрермендерге маусымның алғашқы премьерасын ұсынады. Туындыда қоғамдағы өзекті мәселе – мұғалім беделі мен олардың психологиялық қорғансыздығы көтеріледі.
Сахна төрінде ұстаз бейнесі арқылы адалдық, мейірім, жауапкершілік пен жанқиярлық сынды қасиеттер көрермен назарына ұсынылады. Премьера 21 қазан күні сағат 18:30-да болады.
Еске сала кетейік, қазан айында павлодарлықтарға театр ұжымы тоғыз қойылым ұсынады. Қазанның 15-де актерлер Май, Ертіс, Ақтоғай аудандарына гастрольдік сапармен шығады. Олар ауыл тұрғындары үшін «Күзгі оқиға» трагикомедиясын ұсынбақ.