Павлодарлық вокалистер халықаралық байқауда гран-при иегері атанды

Павлодарлық вокалистер халықаралық байқауда гран-при иегері атанды
Фото:pixabay.com/spoiu23

Қыздар квартеті өз өнерлерін паш етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Арман-шоу» вокалдық студиясы Астана қаласында өткен «CREATIVE KZ» халықаралық көпжанрлы өнер байқауында бақ сынады.

Бұл байқау балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ, өнердің әртүрлі жанрларына назар аудартуға бағытталған маңызды шара болып табылады.

Шараның басты мақсаты – жас қатысушыларды халық өнеріне баулу, талантты орындаушыларды қолдау және әлемдік деңгейдегі кәсіпқойлармен қарым-қатынас жасауға ерекше жағдай жасау.

«Арман-шоу» вокалистер тобы «Эстрадалық вокал» номинациясында аралас жас санатында өнер көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін, артистизмді және орындаудағы үйлесімділікті паш етті. Байқау әрбір қатысушы үшін үлкен сынақ болды, мұнда тек вокалдық қабілеттерді ғана емес, музыканың көмегімен эмоциялар мен сезімдерді жеткізу, сондай-ақ сахна мәдениетін көрсету маңызды болды.

Байқау нәтижелері ұжым үшін үлкен жетістікке айналып, олардың таланттарының жарқын дәлелі болды.

Супер гран-при – қыздар квинтеті ансамбль құрамында керемет үйлесімділік, өзара әрекеттестік және жарқын орындаушылық шеберлікті көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Бірінші орын алған Саяра Күмпекей мәнерлілігімен, вокалдық техникасымен және эмоционалдық тереңдігімен қазылар алқасын тәнті етті. Екінші орын Анель Жаменкеноваға бұйырлы. Оның нөмірі техникалық шеберлігімен, сахнадағы сенімділігімен және ерекше артистизмімен бағаланды.

Бұл жетістіктер – табиғи дарын ғана емес, сонымен қатар қажырлы еңбектің, өзіне деген сенімнің және педагогтардың қолдауының нәтижесі.