Павлодарлық зейнеткер сирек байқалатын патологиядан арылды
Оған стент-графт имплантацияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық кардиологиялық орталығынан Астана қаласындағы UMS «Жүрек орталығының» маманы Виктор Землянский жетекшілігімен құрсақ қолқасының бөлігіне стент-графт имплантациялау бойынша мастер-класс өтті. Бұл процедура құрсақ қолқасының аневризмасынан қиналып жүрген 85 жастағы пациентке жасалады.
Құрсақ қолқасының аневризмасы – көбінесе жасы ұлғайған, әсіресе 65 жастан асқан ер азаматтар арасында жиі кездесетін қауіпті патологиялық жағдай. Көп жағдайда бұл ауру белгілі бір симптомдар сирек байқалатындықтан, медициналық тексерулер кезінде кездейсоқ анықталады.

Дәстүрлі емдеу әдісі ашық операция жасауды талап етеді, алайда мұндай тәсілдің жарақаттылығы жоғары және қалпына келу кезеңі ұзақ уақытты қажет етеді. Қазіргі технологиялар пациентке әлдеқайда жеңіл әдісті ұсынуға мүмкіндік береді – стент-графтты эндоваскулярлық имплантациялау.
Бұл әдіс минималды инвазивті араласуды көздейді. Ота шағын тіліктер арқылы орындалады. Операция тез жүргізіледі, ал қалпына келу процесі жеңіл өтеді және оңалу мерзімі айтарлықтай қысқарады. Стент-графт имплантациясы әсіресе қарт пациенттерге минималды инвазивтілігі мен жоғары тиімділігіне байланысты ұсынылады.
85 жастағы Викторға ота жасағаннан кейін төртінші тәулікте үйге шығарылды.