Павлодарлық журналистерді байқауға қатысуға шақырды

Павлодарлық журналистерді байқауға қатысуға шақырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жалпы жүлде қоры – үш миллион теңге, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

БАҚ өкілдеріне арналған «Тектілер ту көтереді» республикалық байқауы «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына бес жыл толуына және БАҚ қызметкерлері күніне орайластырылған.

Байқаудың мақсаты – азаматтық жауапкершілікті арттыру және азаматтық қоғамның белсенді өкілдерінің бастамаларын насихаттау.

«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді. «Отан – отбасынан басталады» қағидасын негізге ала отырып, бірлестік отбасы институтын нығайтуға, ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға және саналы азамат қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда.

Осы уақыт ішінде мыңдаған ата-ана, педагог пен жастар үшін форумдар, семинарлар, кездесулер мен әлеуметтік жобалар ұйымдастырылды.

Байқауға «Сенімен Болашақ» РҚБ-ның жобаларына, бастамаларына және қоғамдық қызметіне арналған материалдар қабылданады.

Байқау жұмыстары келесі номинациялар бойынша қабылданады: «Үздік телевизиялық материал» – 500 мың теңге; «Баспа басылымындағы үздік мақала» – 500 мың теңге; «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым» – 500 мың теңге және «Үздік радио немесе YouTube-бағдарлама» – 500 000 теңге.

Сонымен қатар, байқау аясында арнайы ақшалай ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған.

Байқауға 2026 жылғы 18 маусым мен 15 шілде аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады. Бір қатысушыдан түсетін жұмыстар саны шектелмейді. Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен журналистер қатыса алады.

Байқау материалдарын салалық сарапшылар, танымал журналистер мен қоғамдық сала мамандарынан құралған тәуелсіз комиссия бағалайды.

Қатысу үшін материалдарды senimenbolashaq.media@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет, байланыс телефоны: +7 775 510 1784.

Байқау қорытындысы биылғы жылдың 20 шілдесіне дейін жарияланады. Толық ақпаратты https://senimenbolashaq.kz сайтынан білуге болады.