Павлодарлықтар үздік аула үшін бақ сынайды

Павлодарлықтар үздік аула үшін бақ сынайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жеңімпаздарды құнды сыйлықтар күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Павлодар қаласында «Таза аула» байқауы басталды. Бұл байқауға көпқабатты үйлердің тұрғындары, сондай-ақ кондоминиум мен қалалық басқару органдары қатыса алады. 

Бағалау аула мен балалар алаңының санитарлық жағдайы, жарықтандыру, тақтайшалар мен гүлзарлардың болуы, тұрғындардың абаттандыруға қатысуы бойынша жүргізіледі. Ең жоғары баға – 100 балл, ал ерекше безендірулер үшін қосымша 5 балл беріледі, – деді қалалық тұрғын үй-инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз қызметі.

Өтініштер 2025 жылдың 19 қазанына дейін sektor.monitoringa701@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Нәтижелер 20 қазанда жарияланады.

Анықтама телефондары: +7(7182)62-33-22, 32-55-85, 32-22-45.