Павлодарлықтар 22 наурызда мәнерлеп сырғанау өнерін тамашалай алады

Павлодарлықтар 22 наурызда мәнерлеп сырғанау өнерін тамашалай алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Елдің түкпір-түкпірінен келетін спортшылар шеберліктерін көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық мәнерлеп сырғанау федерациясының мәліметінше, 22 наурызда сағат 11:30-да «Астана» мұз сарайында «Spring Ice» мәнерлеп сырғанаудан республикалық турнирдің ашылу шеруі өтеді. Кіру тегін. Турнир 22-23 наурызда өтеді. Жарыс кестесі федерацияның парақшасында жарияланады. Турнирге спорт шеберіне үміткерлер санаты бойынша «Алғашқы қадамдар» санаты бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінен мәнерлеп сырғанаушылар қатысады.

Спорттық іс-шара облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Павлодар қаласының №2 БЖСМ және серіктестердің қолдауымен ұйымдастырылады.