Павлодарлықтар бастаған ел құрамасы алғашқы матчын өткізді
U-17 Қазақстан құрамасы «Даму Кубогіндегі» жарысын бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Осыған дейін жазғанымыздай, Минскіде павлодарлық мамандар Бауыржан Сағындық және Алексей Сорокин бастаған қазақстандықтар Ресей U-17 және U-16 Беларусь пен Тәжікстан құрамаларымен бір топқа түсті.
Бірінші матчта жастарымыз ресейліктерге 1:3 есебімен есе жіберді. Солтүстік көршіміздің командасы басым болғанын мойындау керек. Алайда Бауыржан Сағындық шәкірттері да қарап қалмады. Әкежан Қалықұлов пен Исмаил Бекболат ұрымтал сәттерде мүлт кетті. Соңғысының соққысынан кейін доп ресейлік қақпашыдан кейін серпіліп, оны Дастан Сәтбаев қақпаға дарытып есепті теңестірген еді. Бірақ Ресей футболшылары екінші таймда тағы екі гол соқса, қазақстандықтар оған ешбір жауап қайыра алмады.
- Біз әдемі футбол ойнауға тырыстық. Бірақ, қарсылас біз күтпеген мәнерде, яғни ұзын пастармен ойнағанына дайын болмадық. Бұл қысымға төтеп бере алмадық. Бұл матч біздің келер ойындарға дайындығымызға жақсы ақпарат берді, - деді құраманың аға жаттықтырушысы Бауыржан Сағындық.
Келесі матчты қазақстандықтар 20 ақпан күні Беларусь U-16 құрамасына қарсы өткізеді.
Фото: kff.kz