Павлодарлықтар экожарнамадан ұта алады
Республикалық байқауға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараның мақсаты – креативті жарнамалық жобалар арқылы қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықты хабардар ету, экологиялық жауапкершілікті мінез-құлықты насихаттау және қоршаған ортаны қорғауға назар аудару.
Байқауға 7 жастан асқан кез келген адам жеке немесе үш адамға дейін команда болып қатыса алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарнама келесі тақырыптардың біріне арналуы керек: пластик пайдалануды азайту, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, биоәртүрлілікті сақтау, энергия тиімділігі мен шығарындыларды азайту, саналы тұтыну.
Байқауға видео (60 секундқа дейін, MP4 пішімі, ажыратымдылық 1080 p төмен емес), плакаттар мен инфографикалар (JPG, PNG немесе PDF (300 dpi) немесе сандық иллюстрацияларды қабылданады.
Үздік жұмыстарды таңдаудағы басты критерийлер – өзіндік ерекшелігі, тақырыпқа сәйкестігі, эмоционалды әсері және орындалу сапасы.
Қатысуға өтінімдер 20 қазанға дейін қабылданады, республикалық конкурстың қорытындысы 25 қазанда жарияланады.
Толық ақпаратты +7(776)102-20-00 нөмірі арқылы білуге болады.