Павлодарлықтар жағажай футболдан ел кубогын жеңіп алды
Облыс орталығында жағажай футболынан Қазақстан Республикасының Кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Республикалық кубок үшін талас орталық жағалауда өтті.
– Жанкүйерлер мен демалушылар матчтан үлкен әсер алды, – деп жазды облыстық футбол федерациясының өкілдері ресми Instagram парақшасында.– Турнирдің бас жүлдесін еліміздің ең атақты клубы павлодарлық «Арман» жеңіп алды.
Ал күміс «Арман-2» жас командасына бұйырды. Өз кезегінде Жетісу облысының «Малайсары» командасы қола жүлдеге ие болды.
Ойын нәтижесі бойынша турнирдің үздік ойыншылары анықталды:
Үздік қорғаушы – Денис Гулый(Арман 2)
Үздік қақпашы – Всеволод Гаврилов (Арман)
Үздік бомбардир – Баянбек Муралинов (Арман)
Үздік ойыншы – Самат Ысқақов (Малайсары)