Павлодарлықтар жылу көрсеткіштерін WhatsApp арқылы жібере алады

Көрсеткіштерді әр айдың 25-31 аралығында жіберу керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарские тепловые сети» ЖШС көпқабатты тұрғын үйлер мен жаңа ғимараттардың тұрғындарына пәтерішілік жылу энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беру тәртібі туралы хабарлайды. Есептеу құралының көрсеткіштерін қашықтан алу мүмкіндігі жоқ тұтынушылар үшін ай сайынғы мәліметтерді WhatsApp мессенджері арқылы 8(701)035-51-22 нөміріне жіберу мүмкіндігі қарастырылған. Көрсеткіштер әр айдың 25-і мен 31-і аралығында жолдануы тиіс.
Мекеме деректерді өңдеуде қателіктерді болдырмау мақсатында пәтер иелерінен хабарламаны белгілі бір форматта жолдауды сұрайды. Мысалы: мекенжайы – Ак. Шөкин көшесі, 154/1, 28-пәтер; дербес шот – №105158; пәтерішілік ЕА нөмірі – 62325; көрсеткіш алынған күн – 30.09.2025 ж.; барлығы – 11,077 Гкал.
Тұтынушыларға қолайлы болу үшін барлық сұрақтар бойынша 8 (7182) 60-65-25, 60-29-11 және 62-90-15 телефон нөмірлері арқылы байланысуға болады.