Павлодарлық акробаттар халықаралық турнирден жүлдемен оралды

Павлодарлық акробаттар халықаралық турнирден жүлдемен оралды
Фото: Марғұлан университеті

Сайысқа 250-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық Марғұлан университетінің мәлімдеуінше, Петропавл қаласында Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ямпольскийді еске алуға арналған спорттық акробатикадан оныншы халықаралық турнир өтті.

Облыс атынан университетіміздің студенті Руслан Әубәкіров те қатысты. Ол Злата Богуновамен бірге аралас жұпта өнер көрсетіп, екінші орынды иеленді. Жаттықтырушысы – Светлана Әубәкірова, – дейді университетте. 

Турнирге Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның түрлі аймақтарынан келген спортшылар қатысып, әртүрлі санатта өнер көрсетті. Жарысқа қатысушылар әйелдер жұптары, әйелдер топтары, аралас жұптар, ерлер жұптары және ерлер топтары болып бөлінді.