Павлодарлық аналар кеңесінің төрайымы: Бұл түнде қыздар сыйлықсыз қалмауы керек
Жігіттер де дәмсіз қалмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Наурыз айының 21-інен 22-іне қараған түні – өзінше ерекше. Дәл осы уақытта күн мен түн теңеледі. Мұны ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың теңескеніне балаған халық ұйықтамай, той-думанмен жаңа таңды қарсы алған.
Бұл дәстүр жайлы «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Максилова айтып берді.
– Қазақтардың жаңа жылын қыздар сыйлықпен қарсы алған. Бұл дәстүрде түнде жігіттерге қыздар дәм татқызса, жігіттер сұлуларға сыйлықтарын береді,– дейді Бақытжамал Максилова.
«Ұйқыашар» – қазақ халқының дәстүрі. Наурыз тойында қыз-келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп, жақсы тағамдардан «Ұйқыашар» дайындаған. Бұл тағам қыз-жігіттердің сезімін арттыра түсуіне себепші болған.
Ал, жігіттер «Ұйқыашардан» дәм татқан соң, қыз-келіншектерге айна, тарақ, әшекей бұйымдарын сыйлаған. Мұны «Селтеткізер» деп атайды.