Павлодарлық боксшылар Венгрияда алтын алды (ВИДЕО)
Иштван Бочкая атындағы бокстан 63-ші халықаралық турнир Венгрия елінің Дебрецен қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Финалда 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада қатысушысы Серік Теміржанов Бельгиядан келген қарсыласы Василе Устуроймен жұдырықтасты. Төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіс павлодарлық спортшыға берілді.
Аятолла Тәкежанов 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы украиналық боксшы Иван Папакин болды. Төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс қазақстандыққа бұйырды.
Павлодарлықтардың екі қарсыласы да – Еуропа чемпиондары. Василе Устурой бұл атақты 2022 жылы жеңіп алған, ал Иван Папакин – екі дүркін жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы.
Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық ерлер құрамасы медальдық есепте бірінші болды. Спортшылар тоғыз марапат алды: алты алтын, үш қола. Екінші орында – Украина құрамасы он медальмен, үшінші орында – Германия.
Турнирде әлемнің 26 елінен барлығы 294 боксшы медаль үшін күресті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: Қазақстан бокс федерациясы