Павлодарлық спортшы қыздар әлем чемпионатының жүлделерін ұтып алды

Павлодарлық спортшы қыздар әлем чемпионатының жүлделерін ұтып алды

Арина Ильященко және Алена Лифатова конькимен жүгіру бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс медальдарын мойынға тақты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлем чемпионаты Германияның Инцель қаласында өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, павлодарлықтар тағы бірі қазақстандық спортшы – Алина Даурановамен бірге командалық спринтте екінші орынға ие болды.

Бір апта бұрын Инцельде Людмила Прокашева және Роман Қожагелдинов шәкірттері жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогінде үшінші орынды иемденді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы үшінші жүлдесі. Оған дейін Алина Дауранова 1000 және 500 метр қашықтықта сәйкесінше, күміс және қола медальдарды ұтқан.